АҚШ-тың Флорида штатында «Элен» дауылы соқты. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттмермен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған.
Сахарада қар жауды: Әлемдегі ең үлкен шөл даланы ақ ұлпа басты
Әлемдегі ең ірі шөл - Сахарада сирек кездесетін табиғат құбылысы орын алды. 11 наурызда аймақта қар жауды,...









