Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады.
Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,62 теңге. Еуро – 525,83.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 509,5 теңге. Еуро 528 – 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60-4,75 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге қымбаттап, 500,42 теңге болған.