Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Ақылы жолдардан түсетін кіріс 2026 жылы 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады.

Тоғжан Төлеген
4 Ақпан, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Ақылы жолдардан түсетін кіріс 2026 жылы 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін
WhatsappTelegram

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады.

2024 жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жетті. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарлануда, бұл кірісті 60 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

«Бұл ретте, осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылуда», – деп атап өтті министр.

Бюджетке түсетін жүктемені азайту әрі өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы жол» мәртебесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бойынша ұзындығы 3,2 мың шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді.

Сонымен қатар министр жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының дамуын атап өтті. Бүгінде елімізде 1 446 жол бойы сервистік объектілері жұмыс істейді, оның 90%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ 400-ден астам заманауи қызмет көрсету нысандарын салу үшін ірі инвесторларды тарту жоспарлануда.

«2029 жылға дейін 60 бірлік кешенді объектілердің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 10 бірлігі осы жылы жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі 120 млрд теңге. Оларда жатын орын, TIR тұрағы және жанармай бекеттері қарастырылған. Жол бойы сервистік объектілерін дамытудың негізінде елімізде бірінші рет отандық қонақүйлер жүйесі және олардың франшизасы қалыптасатын болады. Бұл жол бойы объектілерінің тасымал процессімен қатар, автотуризмнің де дамуына септігін тигізеді», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Тегтер: Ақылы жолБасты жаңалықтарБасты оқиғаларКөлік министрі Марат ҚарабаевМарат Қарабаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар қаралуда — Еңбек министрлігі

Зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар қаралуда — Еңбек министрлігі

Дана Альсеитова
13 Сәуір, 2026

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қазіргі...

Қазақстанда қаржы ұйымдары клиенттерінің биометриялық сәйкестендіру талаптары күшейтіледі

Қазақстанда қаржы ұйымдары клиенттерінің биометриялық сәйкестендіру талаптары күшейтіледі

Дана Альсеитова
13 Сәуір, 2026

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк 2026 жылғы шілдеден бастап банктерді, микроқаржы ұйымдарын...

В Караганде полиция проводит проверку по факту нападения мужчины на несовершеннолетнего

Қарағандыда ер адамның кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасау дерегі бойынша полиция тексеру жүргізуде

Дана Альсеитова
13 Сәуір, 2026

Қарағанды облыстық Полиция департаменті 12 сәуірде Трудовая көшесіндегі балалар алаңында орын алған құқық бұзушылық дерегі бойынша тексеру...

ҚР Конституциялық соты отбасылық мәртебеге қарамастан банктік құпияны сақтау құқығын растады

ҚР Конституциялық соты отбасылық мәртебеге қарамастан банктік құпияны сақтау құқығын растады

Дана Альсеитова
13 Сәуір, 2026

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Конституциялық соты жұбайлардың қаржылық ақпаратына қол жеткізу тәртібін түсіндіретін №77-НП қаулысын...

Қатысты жаңалықтар

Сотта Ерболат Жаңабыловтың ЖШС қаржылық активтерін басқаруға қатысты айғақтары тыңдалды

Сотта Ерболат Жаңабыловтың ЖШС қаржылық активтерін басқаруға қатысты айғақтары тыңдалды

13 Сәуір, 2026
Зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар қаралуда — Еңбек министрлігі

Зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар қаралуда — Еңбек министрлігі

13 Сәуір, 2026
ІІМ тексерісінен кейін Атырауда бірқатар полиция басшылары шеттетілді

ІІМ тексерісінен кейін Атырауда бірқатар полиция басшылары шеттетілді

13 Сәуір, 2026
Астанадағы жойқын өрт: Үш бала қаза тауып, анасы жансақтау бөліміне түсті

Астанадағы жойқын өрт: Үш бала қаза тауып, анасы жансақтау бөліміне түсті

13 Сәуір, 2026
Қазақстанда қаржы ұйымдары клиенттерінің биометриялық сәйкестендіру талаптары күшейтіледі

Қазақстанда қаржы ұйымдары клиенттерінің биометриялық сәйкестендіру талаптары күшейтіледі

13 Сәуір, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz