Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 18 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар, деп хабарлайды Sona.kz Kriminal Kazakhstan-ға сілтеме жасап.
Оқиға елордадағы көпірлердің бірінде болған. Қайтыс болған қыз университеттің екінші курсында оқыған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі жеткенімен, қызды аман алып қалу мүмкін болмады.
Полиция департаменті мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында елордада Назарбаев Университетінің 22 жастағы студенті де өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Ол жатақхананың 12-қабатынан секіріп көз жұмған.
Мамандар жастар арасындағы мұндай қайғылы оқиғалардың жиілеуі жоғары оқу орындарында психологиялық көмек жүйесін күшейтуді қажет ететінін айтады.









