Астанада бір түнде 146 жол апаты тіркелді. Қолайсыз ауа райы салдарынан 12 қазанда 118 жол апаты болған. 12 адам зардап шеккен. Полицияның ақпаратына сәйкес, 13 қазанда тағы 28 оқиға тіркелген. Әлеуметтік желіде Астана қаласында түсірілген кадрлар көптеп тарады. Видеодан көктайғақ салдарынан көліктердің тоқтауы қиынға соғып жатқанын көруге болады. Қолайсыз ауа-райы әлі де сақталады. Қазгидромет 14 облыс пен Астанада қаласына ескерту жариялады. Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал, Қарағанды облысында жол қозғалысына шектеу қойылды. Екатеринбургк-Алматы автожолының Ақсу-Аюлы-Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Ал, сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты. Марокканың оңтүстік-щығысында бір жылдық көлемнен артық жауын жауған.
Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды
Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде кезекті заңсыз іздеушінің қаза тапқаны белгілі болды. Ер адам шахта ішінде өміріне...









