Роликте ол ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қорлап, олардың дүниеге келуін «күнә», «рухани заңдар» және «табиғаттың жазасы» деп атаған. Видео қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan- ға сілтеме жасап.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, интернетте таралған видеожазбаға байланысты әкімшілік іс қозғалды. Ролик авторы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
«Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс материалдары жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі»,-деп хабарлады ведомство.
Әлеуметтік желіге жүктелген видео қолданушылар арасында жедел тарап, халықтың қатты ашуын тудырды. Блогер қыз өз сөзінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың дүниеге келуін «блудпен», «рухани заңдармен» және «табиғаттың жазасымен» байланыстырған. Мұндай қорлайтын пікірлер қоғам мен құқық қорғаушылар тарапынан сынға алынды.
Полиция өкілдері интернеттегі кемсіту мен қорлау әрекеттерінің заңмен реттелетінін және қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатынын ескертті.









