Бұл шешім қызылшамен ауру жағдайларының өсуіне байланысты қабылданды: 6–28 қаңтар аралығында 403 расталған жағдай тіркеліп, айдың бірінші аптасымен салыстырғанда шамамен үш есе көп болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Ауруға шалдыққан балалардың көпшілігі вакцинацияланбағандар:
•вакцинациядан бас тартқандар – 257;
•жасқа байланысты вакцинация мүмкін болмағандар – 112;
•вакцинация мүмкіндігі жіберілген – 9;
•медициналық қарсы көрсетілім – 7.
Құжатта 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында иммундау қорғанысын бағалау, ата-аналардың келісімімен қосымша вакцинация жүргізу міндеттелген. Сол сияқты 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлердің иммундау жағдайы тексерілмек. 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация тағайындалады.
Мектеп және балабақша басшылары енді әр күнгі “таңғы сүзгі” арқылы балалардың денсаулығын бақылап, науқас балаларды ата-аналары келгенге дейін немесе стационарға жіберілгенге дейін оқшаулауға міндетті. Профилактикалық вакцинацияланбаған балалардың қатысуына рұқсат тек колективтік иммунитет деңгейі 90%-дан төмен болмаған жағдайда ғана беріледі.









