7 қаңтар күні Атырау облысында Жайық өзенінде балық шаруашылығы инспекторлары қатысқан оқыс оқиға тіркелді. Жағдайдың куәсі болғандар жергілікті балықшылар, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, браконьерлікке қарсы рейд барысында инспекторлар мінген квадроцикл мұздан өтіп, өзен түбіне кеткен.
Құтқару жилеттерінің арқасында екі инспектор өз бетімен жағаға шығып, аман қалған. Олардың денсаулығына зиян келмегені, тек жеңіл шошынумен шектелгені хабарланды.
Қазіргі уақытта квадроциклді судан шығару мәселесі қарастырылуда. Техниканы бүгін өзеннен көтеру жоспарланып отыр.
Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.









