Иман Хелиф алжирлік «En Nahar» басылымына сұхбат берді. Сұхбат барысында спортшы кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты. Спортшы қазіргі уақытта кәсіпқой бокстан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын атап өтті.
«Олимпиада чемпионы болу спорт әлемінде үлкен маңызға ие. Сондай-ақ біз, алжирліктер кәсіпқой бокста қандай деңгейде екенімізді көрсеткіміз келеді», – деді Иман Хелиф.
Еске салайық, бұған дейін 66 кг дейінгі салмақта әйелдер боксынан Алжир спортшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.