Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың мотиві сотта жарияланды, — деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Прокурор Бауыржан Карамановтың айтуынша, Ернар Жиембай Руслан Берденовтің тапсырмасымен өзі басқарып отырған “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС-дегі қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екенін білген. Осыдан кейін эмоциялық күйзеліс күйінде ол спирт ішіп, үйінен “Сайга” маркалы мылтық алып шығып, бірнеше сағат бойы көлігінде сақтап жүрген.
2025 жылдың 21 сәуірі күні, ол қалалық әкімдік ғимаратының алдына барып, Берденовті күтіп тұрған. Чиновник шыққан сәтте бес рет оқ атып, соңынан бақылау оқ атпақ болғанда, жараланған Руслан Берденов қарсылық танытып, бұл сәтте жүргізушісі шабуылдаушыны көлікпен қағып, кісі өлтірудің алдын алған.
Негізгі сот процесі 6 тамыз күні сағат 10:00-де басталады. Іс ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (“Кісі өлтіруге оқталу”) бойынша қаралып жатыр.









