Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Бір-екі жылқы болса мейлі, 30-40 жылқының иесін тез табуға болатын еді». Жәбірленуші ресми органдарға арыз түсірді

Осы жылдың 8 желтоқсаны күні Әділ Бейсенбаев жол-көлік апатына ұшыраған.

Тоғжан Төлеген
20 декабря, 2024
Аймақ
A A
«Бір-екі жылқы болса мейлі, 30-40 жылқының иесін тез табуға болатын еді». Жәбірленуші ресми органдарға арыз түсірді
WhatsappTelegram

Республикалық маңызы бар тасжолдарда өз бетімен жайылып жүрген, қараусыз қалған малдың кесірінен жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Сондай оқиғаның бірі Жетісу облысы, Ескелді ауданында тіркелді.

Осы жылдың 8 желтоқсаны күні Әділ Бейсенбаев жол-көлік апатына ұшыраған. Оның айтуынша, Ескелді ауданы, Биғаш ауылына жақындаған тұста тас жолға аяқ астынан 30 шақты жылқы шығып қалған.

«Сол күні қар жауған еді. Ескелді ауданы, Биғаш деген ауылға таяп қалғанда алдымнан 30 шақты жылқы жүгіріп шығады.

Қашайын десем, екі жақта да ор. Аударылып кететінімді білдім. Жер қар, мұз болған соң қайта ақырын келе жатқанмын. Содан бірінші, екінші жылқыны соқтым. Ал қалғандары үріккеннен үстімнен таптап өте шықты. Жануарларға ештеңе болған жоқ. Дереу жол полиция қызметкерлерін шақырдым. Олар келіп хаттама толтырып, сызып, есептеді. Ал артынан жеткен учаскелік полиция жылқыларға құр қарап тұрып, ешқандай әрекет жасамай кетіп қалды. Шын мәнінде, олар жылқылардың құлағындағы енін, қандай да бір белгісін фотоға түсіріп, бейнетаспаға жазып алуы керек екен.

 

Оны енді біліп жатырмыз. Аудан тұрғындары учаскелік полиция ауылдың мыңғырған жылқысы бар бай тұрғындарын біледі, содан кейін де өтірік таппай жүр деуі бекер емес. Негізі сол күні қар жауды. «Ізінен адасып қалдық» дейтіндей бір-екі жылқы болса түсінікті, бұл жерде 30-40 жылқыны тез-ақ тауып алатын еді», – дейді жәбірленуші.

Бүгін көпбалалы әке Әділ Серікұлы істің алға жылжымай жатқанын айтып, бейнежолдау жасады. «Оқиғаның болғанына 12 күн өтсе де, ешқандай нәтиже жоқ. Жетісу облыстық полициясы хабарласқан сайын «Ертең табамыз» деумен келеді. Іс жүзінде аттың иесі кім екенін іздеп те жатқан жоқ.

Ал егер жол апаты кезінде өзім өліп кетсем, не болар еді? Жағдай қазіргідей сол күйі қалар ма еді? Сондықтан Бас прокуратураға, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Антикорға, жергілікті Ішкі істер департаментіне, облыстық прокуратураға арыз түсірдім. Егер олар көмектеспесе, менде полицияға деген сенім мүлдем қалмайды.

Ал аудандағы тұрғындардың қандай малы бар екенін білмесе, учаскелік полцияның не керегі бар? Немесе білсе де, сол адамды жауып тұр. Сондықтан көлік жүргізушілері, жолда абай болыңыздар. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, жануардың белгісі мен енін қарап, түсіріп алу керек. Әйтпесе, бірдеңе дәлелдеу қиын болады», – деді жәбірленуші.

Тегтер: Әділ БейсенбаевБасты жаңалықтарБасты оқиғаларБиғаш ауылыЕскелді ауданыЖетісу облысыжол апатыжол-көлік оқиғасы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

Дана Альсеитова
3 июня, 2025

Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті ұрлап, азаптап өлтірген күдіктілердің бір бөлігі ұсталды. Марқұмның мәйіті Өскемендегі аурухана маңына...

Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

Дана Альсеитова
3 июня, 2025

Алматыдағы жоғары деңгейлі мейрамханалардың бірінде 6 жастағы баланы ересек ер адам ұрып жіберді. Оқиға 4 мамыр күні...

Қарағанды маңында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

Қарағанды маңында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

Дана Альсеитова
2 июня, 2025

Қарағанды облысында жүк пойызының астына түсіп қалған екі жасар бала ауыр хәлде ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 1...

Қонаевта Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Қонаевта Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Шұғыла Берік
29 мая, 2025

Мерекелік шара барысында сахна саңлақтары құрметке бөленді, концерт қойылып, қазақтың салт-дәстүрінен сыр шертетін көрме және ұлттық нақыштағы...

Қатысты жаңалықтар

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 11 жылға сотталды

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 11 жылға сотталды

3 июня, 2025
ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

3 июня, 2025
Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

3 июня, 2025
10,5 млн теңгені қалтасына басқан күдікті Албанияда қолға түсті

10,5 млн теңгені қалтасына басқан күдікті Албанияда қолға түсті

3 июня, 2025
“Amanat Drive” қаржы пирамидасы: 21 млрд теңге, элиталы пәтерлер мен қымбат көліктер

“Amanat Drive” қаржы пирамидасы: 21 млрд теңге, элиталы пәтерлер мен қымбат көліктер

3 июня, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz