Сотта Альмира Нұрлыбекова 990 мың долларды туысына беруінің себебін түсіндіріп, барлық қаржының адал еңбекпен табылғанын айтты, Sona.kz t.me/tengrinews дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, кәсіпкерлікті саудадан бастап, Таразда мектеп, Аулие-Атада спа-салон мен университет ашқан. Кейін Шымкентке көшіп, түлектерді жұмысшы мамандықтарға үйретіп, консалтингтік компанияны іске қосып, стоматологиялық препараттар өндірісін ашқан.
Нұрлыбекова барлық табыс заңды жолмен алынғанын, кәсіпкерлік және білім беру қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті.









