Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланған адам жауапкершілікке тартылады

Тоғжан Төлеген
17 марта, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланған адам жауапкершілікке тартылады
WhatsappTelegram

Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңа нормалар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді.

– Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша жаңа әкімшілік құқық бұзушылық түрі күшіне енеді. Яғни, басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

– Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.

Қабылданған шаралар азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЭЦҚ-ға байланысты алаяқтық әрекеттерді азайтуға, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЭЦҚЭЦП-кілт
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақтауда алғаш рет өлімінен кейінгі донордан жүрек трансплантациясы жасалды

Ақтауда алғаш рет өлімінен кейінгі донордан жүрек трансплантациясы жасалды

Дана Альсеитова
11 декабря, 2025

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет өлімінен кейінгі донорлық жағдайы тіркелді. Дәрігерлер 45 жастағы пациенттің миының өлуін...

Тоқаев цифрландыру саласына мораторий енгізді

Тоқаев цифрландыру саласына мораторий енгізді

Дана Альсеитова
10 декабря, 2025

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Sona.kz Ақордаға...

1414 SMS-кодтары тоқтатылды: мемлекеттік сервистерге кіру ережелері өзгерді

1414 SMS-кодтары тоқтатылды: мемлекеттік сервистерге кіру ережелері өзгерді

Дана Альсеитова
10 декабря, 2025

Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық ресурстарға кіру үшін 1414 нөмірінен жіберілетін бір реттік SMS-кодтарды пайдалану ресми түрде тоқтатылды. Бұл...

Қаруды сақтау талаптары қатаңдатылады

Қаруды сақтау талаптары қатаңдатылады

Дана Альсеитова
10 декабря, 2025

Қазақстанда қару иелеріне және жеке күзет ұйымдарына қатысты талаптар күшейтіледі. Мәжіліс күзет қызметі мәселелері бойынша түзетулер топтамасын...

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

11 декабря, 2025
Ақтауда алғаш рет өлімінен кейінгі донордан жүрек трансплантациясы жасалды

Ақтауда алғаш рет өлімінен кейінгі донордан жүрек трансплантациясы жасалды

11 декабря, 2025
Риддерде Мәңгілік алауда тауық қуырып кеткен ер адам қамауға алынды

Риддерде Мәңгілік алауда тауық қуырып кеткен ер адам қамауға алынды

11 декабря, 2025
Абай облысындағы «Dala SK Construction» ісі бойынша тергеу аяқталды

Абай облысындағы «Dala SK Construction» ісі бойынша тергеу аяқталды

11 декабря, 2025
Павлодарда жеті жастағы балаға тілін кесуге әрекет жасалған

Павлодарда жеті жастағы балаға тілін кесуге әрекет жасалған

10 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz