Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Дональд Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

Ақ үй басшысы әскери нысандарға жасалған соққылар туралы мәлімдеп, санкцияларды алып тастау мүмкіндігін жоққа шығармады

Дана Альсеитова
2 Наурыз, 2026
Әлем жаңалықтары
A A
Дональд Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

фото: dailymail.co.uk

WhatsappTelegram

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, белсенді кезең бастапқыда төрт апталық процесс ретінде жоспарланған және бір ай ішінде немесе одан да ертерек аяқталуы ықтимал.

Трамптың сөзінше, америкалық күштер жүздеген нысанаға, соның ішінде әскери объектілерге, әуе қорғанысы жүйелеріне, тоғыз кемеге және әскери-теңіз күштерінің штабтарына соққы жасаған. Ол Иранның әскери басшылығы жойылды деп те мәлімдеді.

АҚШ басшысы Ислам революциясы сақшылары корпусы мен күштік құрылымдарды қару-жарақты тапсыруға шақырып, талаптар орындалмаған жағдайда шабуылдар жалғасатынын ескертті. Сонымен қатар АҚШ-тың әлем бойынша жеткілікті оқ-дәрісі бар екенін айтты.

Трамп Иран басшылығының орнына үш кандидат қарастырылып жатқанын жеткізді, алайда олардың есімдерін атаудан бас тартты. «Идеал сценарий» ретінде ол Венесуэлаға қатысты жағдайды мысалға келтірді.

Сонымен бірге АҚШ президенті жаңа басшылық өзін прагматикалық әріптес ретінде танытса, санкцияларды алып тастау мүмкіндігін жоққа шығармады. Иран халқын қорғау мәселесіне қатысты нақты жауап берілген жоқ.

Ал ЦАХАЛ жоғары ирандық басшылықтың жойылғаны туралы хабарлады. Ресми сайтта Али Хаменеи бастаған 15 ирандық шенеуніктің тізімі жарияланған.

Тегтер: әскери операцияБасты жаңалықтарБасты оқиғаларДональд ТрампИран
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қытайда қызметкерлерге ерекше сыйақы: қолы жеткенше ақша алуға мүмкіндік берілді

Қытайда қызметкерлерге ерекше сыйақы: қолы жеткенше ақша алуға мүмкіндік берілді

Дана Альсеитова
26 Ақпан, 2026

Қытайдағы өндірістік компания Henan Kuangshan Crane жыл сайынғы сыйақы акциясын өткізді. Биыл бонусқа шамамен 26 млн доллар...

АҚШ Украинаға Қазақстандағы инвестицияларға әсер ететін әрекеттерден сақтандырды

АҚШ Украинаға Қазақстандағы инвестицияларға әсер ететін әрекеттерден сақтандырды

Дана Альсеитова
25 Ақпан, 2026

АҚШ Новороссийск маңындағы инфрақұрылымға жасалған шабуылдардан кейін Украинаға америкалық экономикалық мүдделерді ескеру қажеттігін ескертті. Бұл туралы АҚШ-тағы...

Ресейде Павел Дуровқа қатысты 205.1-бап бойынша жауапкершілік мәселесі талқылануда

Ресейде Павел Дуровқа қатысты 205.1-бап бойынша жауапкершілік мәселесі талқылануда

Дана Альсеитова
24 Ақпан, 2026

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша күдік айтылуы мүмкін екенін хабарлады. Материалдар Федералдық...

Наркокартель жетекшісі жойылған соң Мексикада жолдар жабылып, өрт қою оқиғалары көбейді

Наркокартель жетекшісі жойылған соң Мексикада жолдар жабылып, өрт қою оқиғалары көбейді

Дана Альсеитова
23 Ақпан, 2026

Қазіргі уақытта жаппай толқулар Халиско, Веракрус, Мичоакан, Тамаулипас, Герреро және Нуэво-Леон штаттарын қамтыды. Аталған өңірлерде жолдарды жаппай...

Қатысты жаңалықтар

Астанадағы мектеп ісі: Садыкова 8 жылға, Атжанова 7 жылға сотталды

Астанадағы мектеп ісі: Садыкова 8 жылға, Атжанова 7 жылға сотталды

2 Наурыз, 2026
Дональд Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

Дональд Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

2 Наурыз, 2026
1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

1 Наурыз, 2026
20 млн теңгеден астам шығын: Ұржар тұрғыны алаяқтық күдігімен қамауға алынды

20 млн теңгеден астам шығын: Ұржар тұрғыны алаяқтық күдігімен қамауға алынды

27 Ақпан, 2026
Самрұқ-Қазына: Астанадағы офис қызметкерлерінің 10%-ы қысқартылады

Самрұқ-Қазына: Астанадағы офис қызметкерлерінің 10%-ы қысқартылады

27 Ақпан, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz