Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақтың дәстүрлі әшекейімен түскен жаңа суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Фотода жұлдыздың қолында алтын бесбілезік – бес бөліктен тұратын дәстүрлі білезік – анық көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, әр бөлік әйел өмірінің үйлесімділігін білдіреді: денсаулық, отбасы, береке, бақыт және қорғаныш.
Қазақ зергері Серік Рысбектің сөзінше, бесбілезік “қол гүлі” деп те аталады және магиялық әрі әлеуметтік мәнге ие болған. Ол қыздың шыққан жерін, әлеуметтік дәрежесін айқындайтын “мәдени паспорт” қызметін атқарған.
Лопеске сыйлық ұйымдастырушылар тарапынан берілген. Бұған дейін ол қазақстандық шебер жасаған есімі жазылған алтын алқаны да көрсеткен.








