Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Екі ай бұрын жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

2 айдан аса уақыт із-түзсіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды.

Тоғжан Төлеген
5 Ақпан, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Екі ай бұрын жоғалған бойжеткеннің денесі табылды
WhatsappTelegram

Марқұм Айша Хамитті жақын араласқан жігіті өлтіріп, денесін сөмкеге бөлшектеп салғаны белгілі болды. Полицейлер 19 жастағы күдіктіні ұстаған.

Еске салайық, марқұм былтыр қараша айында үйінен «туған күн кешіне барамын» деп шығып кеткеннен табылмаған еді. Бірақ, оның телефонынан жақындарының хатына жауап келіп отырған.

Айшаның әпкесі Әсия Хамиттің айтуынша, қызға 2 миллион теңгеден аса несие алдыртқан.

– 19 жастағы бала екен, есімі – Нұрмахан. Несие алдыртқан, сомасы да үлкен. Екі миллионнан асу керек, біздің білуіміз бойынша. Қайтармаймын дегеннен кейін, Айша айтқан: «Ата-анама айтамын, полицияға арызданамын». Бұл сол жерде, пәтерде өлтірген, – дейді ол.

Марқұм қыз сырқат әпкесін «осы кісіге көрсетемін» деп оның көмекшісімен, яғни күдікті жігітпен жаз айларында танысқан. Содан бері екеуі сөйлесіп жүрген көрінеді.

– Ауру әпкесін емдеймін деп, TikTok-тан алаяққа кезігіп қалады. Сонымен барған кезде, жаңағы балдызы екен, көмекшісі боп жүрген, сөйтіп танысады. Біз сүйегін алып шыққан кезде, төрт жігіт әрең көтердік. Қыздың салмағы кемі – 60 келі. 19 жастағы жігіт ол 60 келі денені жалғыз өзі көтеріп жүре алмайды, – дейді марқұмның нағашысы Табиғат Әлібек.

26 жастағы Айша отбасының жалғыз асыраушысы саналыпты. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген.

– Адам өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Болған қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Марқұмның денесінде зорлық белгілері болған-болмағанын сот-медициналық сараптасы арқылы анықтайды.

Тегтер: АйшаАлматы полиция департаментіБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖоғалған бойжеткенСалтанат Әзірбек
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Қазақстанның саяси сахнасында жаңа «Әділет» партиясы пайда болмақ. Бастамашы топ өз жоспарларын жариялап, ертең, 16 сәуірде Әділет...

Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

2026 жылдың 21 сәуірінен бастап Қазақстанда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда үздік шыққан мектеп оқушыларын және олардың...

Қазақстандықтарға өмір бойлық қосымша зейнетақы төленеді: Еңбек министрлігінің түсіндірмесі

Қазақстандықтарға өмір бойлық қосымша зейнетақы төленеді: Еңбек министрлігінің түсіндірмесі

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың болашақ зейнетақысын қалыптастырудағы маңызды өзгерістер туралы мәліметтерді жариялады, деп...

Бектенов базарлардағы «ұйымдасқан топтарды» құрықтауды тапсырды

Бектенов базарлардағы «ұйымдасқан топтарды» құрықтауды тапсырды

Дана Альсеитова
14 Сәуір, 2026

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ірі көтерме сауда базарларындағы жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке...

Қатысты жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

18 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

15 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

15 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

15 Сәуір, 2026
Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

15 Сәуір, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz