Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы ішкі істер министріне осындай үкім кесті. Тұрғымбаев ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылды. «Құпия» санатындағы іс кәніні мойындау түріндегі процессуалдық келісіммен келіп түскен. Сондықтан, оны қарау бітімгершілік іс жүргізу тәртібімен жабық тәртіпте өтті. Прокурор экс-министрді 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ, сот пробациялық бақылаумен шартты түрде жаза тағайындады. Және 10 жылға белгілі бір лауазымды атқаруға тыйым салды. Сондай-ақ, сот экс-министрді арнайы атағы мен наградасынан айыруды ұсынды.
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке жоспарлы түрде шақыру жүргізіледі. Бұл шара «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі...









