Елде 250 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Оның ішінде 2-5 жас аралығындағы бала саны – 107 мың. Арнайы брифинг өткізген сала министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешіледі. 2027 жылға дейін жаңадан 300 мың орындық балабақша ашылады. Кадр тапшылығы проблемасы да күн тәртібінде. Биыл «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогикасы» мамандығы бойынша 39 университетке 1200 грант бөлінген. Сонымен бірге, бұл жұмысқа 119 колледж үлес қосады. Министрлік өкілі Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Атырау, Қарағанды облысында педагог жетіспейтінін айтты. Кәсібилік те — басты назарда.