Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. ҚФФ хабарлағандай, еңбек шарты тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында Қазақстан құрамасын басқарды. Оның басшылығымен ұлттық команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегиямен тең түсіп, 1 ұпай жинады.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.