Алдын ала ақпарат бойынша, ведомстволық күзет атқышы қарабиннен кездейсоқ оқ шығарып алған. Оқ сол маңда жүрген қарауыл бастығына тиген.
Зардап шеккен қызметкер шұғыл түрде әскери госпитальға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған. Алайда, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.
Жамбыл облысының әскери гарнизоны мен құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты әзірге қосымша мәлімет берген жоқ.









