«Грэмми» жүлдесінің иегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен түрлі сала өкілдері елдің қоғамдық және экономикалық дамуына қосқан еңбегі үшін марапатталды.
Марапатталғандар қатарында Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы Съезі бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек бар.
Сондай-ақ актер Еркебулан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Аида Балаева өз сөзінде ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау – олардың еңбегін жоғары бағалау екенін атап өтті.









