Instagram-ның ресми аккаунты «Қазақстанның даласында ойнап жүрміз» деген жазумен бейнеролик жариялады.
Бейне авторы – қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахим. Кадрларда – кең дала, жасыл алқаптар мен тау көріністері кинематографиялық стильде түсірілген. https://www.instagram.com/reel/DQm3tP1kZgW/?igsh=MTFjNjgxbzNqOXFyaw==
Роликті 36,5 миллионнан астам адам көріп, 37,8 мыңнан аса пікір қалдырған.
Айта кетейік, Instagram-ның ресми парақшасында 696 миллионнан астам жазылушы бар, сондықтан бұл видео Қазақстан табиғатының ғажайып жарнамасына айналды.








