Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Израиль тұтқындарды босату бойынша ХАМАС-пен келісімге келді

Келісім жасалғанын Израиль билігі мен ХАМАС өкілдері де растады.

Тоғжан Төлеген
16 января, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Израиль тұтқындарды босату бойынша ХАМАС-пен келісімге келді
WhatsappTelegram

Израиль мен ХАМАС радикал тобы (ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған) атысты уақытша тоқтату және 2023 жылы 7 қазан күнгі шабуыл кезінде тұтқындалған израильдіктердің бір бөлігін босату бойынша келісім жасады. Бұл жөнінде Катардағы баспасөз жиыны кезінде премьер-министр Мұхаммед бин Абдулрахман әл-Тани мәлімдеді.

Келісім жасалғанын Израиль билігі мен ХАМАС өкілдері де растады. Ол 19 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, келісімге сәйкес, ХАМАС 33 израильдік тұтқынды босатады. Ал Израиль түрмеден ХАМАС-қа қатысы бар және израильдіктерге шабуыл жасады деп сотталған тұтқындарды қамаудан шығарады. Әрбір израильдік үшін ХАМАС – 30 тұтқын, әрбір әскери қызметкер үшін 50 сотталушы алады.

Қанша тұтқынның тірі екені, қаншасы мерт болғаны әзірге айтылмайды.

Израильдік 12-арнаның хабарлауынша, әуелі тірі қалған израильдіктер босатылады. Алғашқы үш тұтқын 19 қаңтарда босатылуы мүмкін. Жеті күннен кейін яғни, 26 қаңтарда тағы төрт тұтқын жіберілмек.

Осыдан кейін ХАМАС әр апта сайын (14-күн, 21, 28, 35-күн) үш-үштен тұтқындарды босатып отырады. Соңғы аптасында қалған 14 тұтқын бостандыққа шығады.

Келісім бойынша, атысты тоқтату мерзімі алты аптаға созылады. Осы уақыт аралығында Газа секторына 600 жүк көлігімен гуманитарлық көмек беріліп, Израиль әскері біртіндеп сектордан шығарыла бастайды.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден келісімді жылы қабылдап, оған қол жеткізуде Америка дипломатиясы маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

ХАМАС жетекшісі Халел әл-Хейя палестиналықтарға қолдау көрсеткен елдерге алғыс айтып, Ресейді де атады. Ол Газа сектор тұрғындарын атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуімен құттықтап, бірақ Израильмен текетірес жалғаса беретінін айтты.

Келісім жасалғаны жөнінде ақпарат тарағаннан кейін Газа секторының бірқатар қаласында жүздеген адам көшеге шығып, келісімді тойлаған. Израиль көшелерінде де жұрт тұтқындардың жуық арада оралатындығына қуанып, тойлай бастаған. Алайда израильдіктердің бір бөлігінің келісімге көңілдері толмайды, себебі тұтқындардың бір бөлігі ғана үйге оралмақ.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБітімгерлікИзраильТұтқынХамас
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

Дана Альсеитова
5 ноября, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары туралы» Жарлыққа қол қойды,...

Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

Instagram Қазақстанның сұлулығын бүкіл әлемге көрсетті

Дана Альсеитова
4 ноября, 2025

Instagram-ның ресми аккаунты «Қазақстанның даласында ойнап жүрміз» деген жазумен бейнеролик жариялады. Бейне авторы – қазақстандық видеограф Дастан...

ТШО-да жаңа тағайындау: Қуанышкерей Мұхтаров вице-президент болды

ТШО-да жаңа тағайындау: Қуанышкерей Мұхтаров вице-президент болды

Дана Альсеитова
3 ноября, 2025

2025 жылдың 3 қарашасынан бастап Қуанышкерей Мұхтаров «Теңізшевройл» компаниясының бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz....

10 қарашадан бастап салық органдары қазақстандықтардың несиесі туралы мәлімет алады

10 қарашадан бастап салық органдары қазақстандықтардың несиесі туралы мәлімет алады

Дана Альсеитова
3 ноября, 2025

Енді салық органдары азаматтардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі туралы ақпаратты алып отырады, деп хабарлайды Sona.kz...

Қатысты жаңалықтар

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

6 ноября, 2025
Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

6 ноября, 2025
Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz