Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшесі ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 10 мүшесін ұстады.
«Топ мүшелері шетелдік радикалды уағызшылардың, соның ішінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының дәрістерін тыңдап, тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған», – делінген ІІМ түсіндірмесінде.
Белгілі болғандай, топтың жетекшісі бұрын тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған. Тінту кезінде топ мүшелерінен діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да дәлелдер табылды. Терроризмді насихаттау және діни араздық қоздыру әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, маусым айында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының екі мүшесі ұсталған болатын. Ал шілде айында осы ұйымның 22 радикалды мүшесі Шымкентте ұсталды.
«Хизб-ут-Тахрир» террористік ұйымы Қазақстанда 2005 жылғы 28 наурыздан бастап ресми түрде тыйым салынған.