Ливан астанасы Бейруттың оңтүстігінде халықаралық әуежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, Израиль армиясы Хезболланың нысандарына соққы берген. ЦАХАЛ бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Израиль әскері мұның алдында Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшуге үндеген еді. Бұл шабуылдардың көздегені — «Хезболла»ның марқұм экс-лидері Хасан Насыралланың інісі әрі мұрагері Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін.
Түркиядағы мектептегі атыс: 16 адам жараланып, шабуылдаушы өзіне қол жұмсады
Түркияның Сиверек қаласындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды, деп хабарлайды Sona.kz 24KZ-ке сілтеме жасап. Жергілікті билік...









