Марат Күштібаев, ауыр қылмыс бойынша сотталғанына қарамастан, қызметтік пәтерді жекешелендіру мәселесін сот арқылы шешуге тырысты. Ол Жетісу облысы полиция департаментіне талап-арыз беріп, тұрғын үй құқығын мойындауды сұрады.
Сот материалдарына сәйкес, Күштібаев 2016 жылдан бері қызметтік пәтерде тұрып келеді. 2023 жылы ол жекешелендіру туралы рапорт тапсырғанымен, өтініші қаралмаған. Бұрынғы полицей 35 жылдан астам қызмет еткенін және заң бойынша тұрғын үйді жеке меншікке алу құқығы бар екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ ол отбасын жұбайы мен үш баласын пәтерден шығармауды сұрады. Қазіргі уақытта олар сол тұрғын үйде тұруды жалғастыруда. Департамент тарапынан бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
Жетісу облысы арнайы ауданаралық әкімшілік соты талап-арызды қанағаттандырды. Шешімнің толық мазмұны жарияланбады, бірақ сот отбасын тұрғын үйден шығару туралы мәселені қарамағаны белгілі.
Еске салсақ, Марат Күштібаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол насильственные действия сексуального характера бойынша кінәлі деп танылды. Қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр.
Қызметтік тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс кезеңінде беріледі және заңда көзделген шарттар орындалса, жекешелендіруге жатады. Мұндай даулар тұрғын үй заңнамасына сәйкес шешіледі.
Пәтерге қатысты сот шешімі әлі түпкілікті емес — тараптар оны апелляция тәртібімен қайта қарауды талап ете алады.









