Емі жоқ Марбург вирусы Руандада дендеп барады. Қазір бұл ауру түрі елдің 30 аймағының жетеуінде тіркелген. Оның ішінде Руанда астанасы Кигалиде бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дабыл қағуына осы жайт себеп. Ал, дертті жұқтырғандар қатарында медицина қызметкерлері көп. Бұл жағдай мамандарды алаңдатып отыр. Себебі, вирус медицина мекемелерінде тез таралуда. Аурудың белгілері вирусты жұқтырғаннан кейін, 2-21 күн ішінде пайда болады. Марбург вирусына қарсы арнайы ем немесе вакцина жоқ.
Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды
Әлемдік БАҚ пен «The Sun» басылымы экшн-жанрының аңызы, жекпе-жек өнерінің халықаралық шебері Чак Норристің 86 жасқа қараған...









