Павлодар облысының әкімі Асаиын Байханов «Майқайыңалтын» кенішіндегі төтенше жағдайдың себебін айтты. Апаттың салдарынан үш құтқарушысы мен бір жүргізуші қаза тапқан болатын.
Асаин Байхановтың айтуынша, шахтадағы төтенше жағдай шахтада жер қойнауының құлауына байланысты болған. Төрт жолаушысы бар автобус түнде сағат 01:01 уақытында құлап түскен.
«Майқайыңалтын» зауытының жаңа басшылығы техногендік апатқа байланысты жердің барлық қабатын қалпына келтіру бағдарламасы әзірлеген.
– Бағдарлама бекітілді. Ол алтын өндіруші компанияның қаражаты есебінен қалпына келтіріледі, – деді әкім.
Айта кету керек, 4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің маңындағы «Майқайың алтын» шахтасының аумағында түтін шығып, сол жаққа аттанған құтқарушылар мінген автобус кен топырағы опырылған шұңқырға құлап кеткен.