Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды. Оқушылар сабақ үстінде оны қолданса, оқудан бір күнге шеттетіледі.Яғни, балалар ұялы телефондарын мектеп қабырғасында мүлдем қолдана алмайды. Оны сөмкелерінде қалдырулары тиіс. Талапқа бағынбағандар бірнеше күн бойы мектепке кіргізілмейді. Мұғалімдер мен сыныптастарын рұқсатсыз түсіруге болмайды. Ондай әркет жасағандар білім ордасынан қуылады. Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис ұялы телефон оқу процесіне кері әсер ететінін айтады. Яғни, баланың көңілі басқаға ауса оқуға деген қабілеті төмендейді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген деді.
Парижде Swarovski зергерлік бутигі тоналды
Парижде кезекті ірі ұрлық тіркелді - Лувр музейінен король әшекейлерінің жоғалғанынан кейін екі апта өтпей жатып, белгісіз...









