Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – Мүфтият

Тоғжан Төлеген
12 марта, 2025
Қазақстан жаңалықтары
A A
Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – Мүфтият
WhatsappTelegram

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздегі мейрамхана, кафе иелерін қасиетті Рамазан айында халыққа қолжетімді бағамен ауызашар ұйымдастыруға шақырды.

Дінбасылардың айтуынша, соңғы жылдары ауызашар мәзірінің бағасы шарықтап, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып барады.

«Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Діни басқарма қасиетті айда дастарқан жайып, ауыз бекіткен жандарға ас беру – үлкен сауап екенін атап өтті. Алайда соңғы жылдары елімізде бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын тым жоғары қойып, халықтың наразылығын тудырып отыр.

«Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «… ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят)», – деп еске салды ҚМДБ өкілдері.

Дін мамандары ауызашар дастарқаны қарапайым болуы тиіс екенін айтып, кәсіпкерлерді көпшіліктің қалтасына сай қолжетімді мәзірлер ұсынуға шақырды. Сондай-ақ мұсылман жамағатын жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық жасауға үндеді.

ҚМДБ қасиетті Рамазан айының берекесі саудамен емес, шынайы сауаппен келетінін еске салып, халықты рухани тазаруға шақырды.

Тегтер: Ас мәзіріБасты жаңалықтарБасты оқиғаларДіни басқармаМүфтиятОразаРамазан айы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке жоспарлы түрде шақыру жүргізіледі. Бұл шара «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі...

Қазақстанда психологтар арнайы реестрге тіркелуге міндеттелмек

Қазақстанда психологтар арнайы реестрге тіркелуге міндеттелмек

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме...

Жұмыс істемейтін әкелердің бала күтімі зейнетақы өтіліне есептеледі

Жұмыс істемейтін әкелердің бала күтімі зейнетақы өтіліне есептеледі

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ата-аналардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын кеңейтуге бағытталған заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Sona.kz...

ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды сүйемелдеу қызметін іске қосты

ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды сүйемелдеу қызметін іске қосты

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Қазақстанда теміржол вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметі іске қосылды. Жаңа сервис ұлттық тасымалдаушы мен «ҚТЖ»...

Қатысты жаңалықтар

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

4 февраля, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

4 февраля, 2026
Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

4 февраля, 2026
Подозреваемых в убийстве судьи Айгуль Сайлыбаевой обнаружили в Москве

Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Александр Донцов пікір білдірді

4 февраля, 2026
2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

4 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz