Бейнероликте МХҚКО автодромдарында түсірілген нақты кадрлар. Шымкентте емтихан тапсырушы маневр жасау кезінде көлікті аударып алды, ал Алматыда бір үміткер көлігін басқа көлікке соқты – бұл қаңтар айында Алматыдағы екінші жағдай болып отыр, деп хабарлайды Sona.kz gov4.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы, мамандандырылған орталықтардағы емтихан алаңдарында жыл басынан бері 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қатысушылардың ішінде бес әйел және бір ер адам бар. Кандидаттар жол белгілерін немесе қоршауларды соғу, жол жиегінен шығу сияқты қателіктерге жол берген. Айта кетейік, 2025 жылы мұндай оқиғалар саны 64 болған.
Мемлекеттік корпорация болашақ жүргізушілерге автомектепте оқуға жауапкершілікпен қарауды, жол ережелерін жан-жақты меңгеруді және жүргізуші куәлігін заңды әрі адал жолмен алуды ескертеді.









