Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аналитика

«Миллиондаған тонна сүт, көкөніс, астық – бәрі өтірік»

Тоғжан Төлеген
31 марта, 2025
Аналитика
A A
«Миллиондаған тонна сүт, көкөніс, астық – бәрі өтірік»
WhatsappTelegram

Jibek Joly телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның авторлық «Уәде» бағдарламасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қатысты.

Бағдарлама барысында спикер агроөнеркәсіп кешеніндегі жалған статистика мәселесін ашық көтерді.

«Мен эфирде ашық айтып отырмын, Айдарбек Сейпелұлы президенттің қабылдауында болды. Сол кезде ол статистика мәселесін көтерді. Жалған статистика, миллиондаған припискаларды айтты», – деді Серік Егізбаев.

Журналист мемлекет басшысы бұл деректерді көріп таңғалғанын естігенін айтты. Спикер бұл пікірді растады:

«Иә, таңқалды. Миллиондаған тонна сүт, миллиондаған тонна көкөніс, миллиондаған тонна астық – бәрі приписка болып кеткен. Өтірік. Жоқ», – деді ол.

Бағдарламада жалған дерек бергендерге қатысты жауапкершілік мәселесі де қозғалды. Журналистің «Жалған статистика үшін жазалану керек қой» деген сауалына Серік Егізбаев:
«Мен ондай ұсыныспен келісемін. Жазалану керек. Күні кеше ғана Үкіметтің картоп жөніндегі отырысында белгілі болды: жүз есе картоптың қоры өтірік, жалған. Маңғыстау алға шығыпты дейді. Жүз есе көбейтіп жіберіпті. 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіпті. Анау картоптың бағасы неге шарықтап кетті деп Үкіметте қаралды ғой. Бүкіл өңірлер мыңдаған тонна жоқ картопты жазып қойған. Неге олай істейді? Неден қорықпайды? Себебі статистика үшін жазаға тартылмайды», – деп жауап берді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

Тегтер: АстықАуыл партиясыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларСерік Егізбаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақылы жолдардан түскен 100 млрд теңге қайда жұмсалады

Ақылы жолдардан түскен 100 млрд теңге қайда жұмсалады

Дана Альсеитова
29 апреля, 2025

«ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашевтың айтуынша, 2024 жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге жиналған. 2025 жылы бұл көрсеткіш...

Перизат Қайраттың миллиардтарды қайда жұмсағаны белгілі болды

Перизат Қайраттың миллиардтарды қайда жұмсағаны белгілі болды

Тоғжан Төлеген
4 апреля, 2025

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға шығарып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған...

ПРЕЗИДЕНТ: АЭС-ке қатысты референдум 6 қазанда өтеді

ПРЕЗИДЕНТ: АЭС-ке қатысты референдум 6 қазанда өтеді

Аяла Тұрсын
2 сентября, 2024

"Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз...

Қасым-Жомарт Тоқаев: субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды   жауапкершілікке тарту керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды жауапкершілікке тарту керек

Аяла Тұрсын
2 сентября, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды   жауапкершілікке тарту керектігін қатаң ескертті. «Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан...

Қатысты жаңалықтар

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы өтіп жатыр

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы өтіп жатыр

19 мая, 2025
Қонаев әкімдігі ауыз суды пайдалану туралы мәлімдеме жасады

Қонаев әкімдігі ауыз суды пайдалану туралы мәлімдеме жасады

17 мая, 2025
Тігіншіліктен қоғамдық жобаға дейін: Жанат Қалжанованың жеңісті де жемісті жолы

Тігіншіліктен қоғамдық жобаға дейін: Жанат Қалжанованың жеңісті де жемісті жолы

16 мая, 2025
Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

7 мая, 2025
Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

6 мая, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz