Республикалық референдумның географиялық ауқымы Солтүстік Америка құрлығына дейін жетті. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанабілованың хабарлауынша, Астана уақытымен сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк (АҚШ) және Оттава (Канада) қалаларында сайлау учаскелері ресми түрде ашылды.
Уақыт белдеуінің айырмашылығына қарамастан, аталған елдердегі отандастарымыз Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне келіп, жаңа Конституция жобасы бойынша өз таңдауын жасай бастады. Осылайша, саяси науқан Шығыс Азиядан басталып, қазір Батыс жарты шарды қамтып отыр. Солтүстік Америкадағы дауыс беру процесі Астана уақытымен ертең таңға дейін жалғасады. Соңғы болып Сан-Францискодағы учаске өз жұмысын аяқтайды деп күтілуде.
Сағат 16:00-дегі мәлімет: Референдумда сайлаушылардың 64,43 пайызы дауыс берді
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық дауыс берудің сағат 16:00-дегі қорытындысын ұсынды. Ресми...









