Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдумда дауыс берді. Ол елордада орналасқан №228 сайлау учаскесіне келіп, өз бюллетенін жәшікке салды. Назарбаевтың дауыс беру сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктерде тарады. Тұңғыш президент сайлау учаскесіне күзетпен келіп, азаматтық борышын өтегеннен кейін қысқа қайырып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берместен кетіп қалды.
Сағат 12:00-дегі көрсеткіш: Референдумда сайлаушылардың 37,54 пайызы дауыс берді
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс берудің түскі нәтижелерін жариялады. Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай...









