SKAI атты нейрожелі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесіне толыққанды мүше болып енді, деп хабарлайды Sona.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл – Орталық Азияда алғаш рет жасанды интеллект корпоративтік басқару деңгейінде дауыс беру құқығына ие болған жағдай.
Қордың мәліметінше, SKAI озық жасанды интеллект алгоритмдері негізінде жасалған. Ол «Қазақтелекомға» тиесілі, Қазақстандағы қуаты бойынша екінші орында тұрған Al Farabium суперкомпьютерінде жабық режимде жұмыс істейді.
Цифрлық тәуелсіз мүше 2008 жылдан бері құжаттар мен шешімдерді талдап, қорытынды жасап, дауыс беру кезінде өз пікірін білдіреді. «Самұрық-Қазынада» атап өткендей, жасанды интеллектті енгізу басқарушылық шешімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллекттің корпоративтік басқаруға енгізілуі ұлттық компаниялардың цифрландыруындағы жаңа кезеңге айналып, өңірдегі басқа құрылымдарға үлгі болуы мүмкін.









