Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Halyk Bank бөлімшесін тонау ісі халықаралық деңгейге шықты

Дана Альсеитова
22 января, 2026
Зерттеу
A A
Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

фото: forbes.kz

WhatsappTelegram

Павлодар облысының полициясы 2024 жылы болған Halyk Bank бөлімшесінің тонауына қатысты жаңа деректерді жариялады. Қылмыс жасалғанына екі жылға жуық уақыт өтсе де, іске қатысы бар тағы екі адам әлі іздеуде жүр, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылғы 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Павлодар қаласындағы Естай көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы банк бөлімшесінде болған. Белгісіз тұлғалар жертөле жағынан қабырғаны бұзып кіріп, ақша мен құнды заттарды алып кеткен. Таңертең жұмысқа келген банк қызметкерлері ұрлықты анықтап, полицияға хабарлаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алғашқы бес күдіктіні анықтауға шамамен екі апта уақыт кеткен. Алайда тергеу жалғасып жатыр. Тағы екі күдіктіге іздеу жарияланған.

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітовтің айтуынша, бұл іс бойынша халықаралық өзара іс-қимыл жүргізілуде. Жуырда облыстық полиция қызметкерлері Грузия мен Арменияға іссапармен барып, сол елдерде болуы мүмкін күдіктілерге қатысты қажетті тергеу шараларын өткізген. Аталған мемлекеттер тарапынан жан-жақты құқықтық көмек көрсетілген.

Жиналған материалдар Ресей Федерациясының прокуратурасына жолданады. Полиция өкілдері істің Ресейге берілуін күдіктілердің барлығы Ресей азаматтары болуымен түсіндірді.  Олар экстрадицияланбайды және Ресей заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Аталған қылмыстық іс бойынша шамамен 40 адам жәбірленуші деп танылған, олардың басым бөлігі Павлодар облысының тұрғындары. Тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер: БанкБасты жаңалықтарБасты оқиғаларпавлодартонау
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

Дана Альсеитова
22 января, 2026

Жаркент қаласында қатты соққыға жығылған баланың әкесі болған оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, бейнежазбаны құқық қорғау органдарына...

Мәжіліс Қырғызстанмен шекарада орналасқан «Кеген» өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс істеуге бекітті

Мәжіліс Қырғызстанмен шекарада орналасқан «Кеген» өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс істеуге бекітті

Дана Альсеитова
21 января, 2026

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Парламенті төменгі палатасы Қырғызстанмен шекарадағы «Кеген-автодорожный» өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру...

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық бойынша күдіктілер ұсталды

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық бойынша күдіктілер ұсталды

Дана Альсеитова
21 января, 2026

Шымкент қаласында полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер...

Қазақстанда жұмыс істеген вебкам-студиялардың ұйымдастырушылары Қырғызстанда ұсталды

Қазақстанда жұмыс істеген вебкам-студиялардың ұйымдастырушылары Қырғызстанда ұсталды

Дана Альсеитова
21 января, 2026

Қырғызстанның құқық қорғау органдары Қазақстан аумағына да бағытталған вебкам-студияларды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Күштік...

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

22 января, 2026
Қаскелеңдегі мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Қаскелеңдегі мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды

22 января, 2026
Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

22 января, 2026
Президент сынына ұшырадық, жағажайларды абаттандыру кезең-кезңімен жүзеге асады – Қонаев әкімі

Биыл Қонаевта төрт әкімшілік ғимараттың құрылысы басталады

21 января, 2026
Президент сынына ұшырадық, жағажайларды абаттандыру кезең-кезңімен жүзеге асады – Қонаев әкімі

Президент сынына ұшырадық, жағажайларды абаттандыру кезең-кезңімен жүзеге асады – Қонаев әкімі

21 января, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz