9 маусым күні Қайрат прокуратураға шағым түсіріп, изолятор қызметкері камераның есігін күшпен жауып, оны есік арасына қысып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген.
8 маусымда түсірілген видеода Перизат Қайрат камера есігінің ауыз тұсында біреумен сөйлесіп тұрғаны байқалады. Кейін көршісі әлдебір затты қызметкерге бергендей болады, артынша есік жабылады.
Полицияның мәліметінше, бейнебақылау жазбалары зерттеліп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынған. Бастапқы тергеу нәтижесіне сәйкес, Қайрат көрсеткен уақытта дене жарақаты салынғаны дәлелденбеген.
Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жалғасуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.