Петропавл қаласында трансформаторлық қосалқы станциялардан жасалған ұрлық дерегі бойынша резонансты іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайы Sona.kz Hronika.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға сәуір айының басында қоғам назарын аудартты. Әлеуметтік желілерде қала шетінде жас жігіттің үсіп қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейін оның қылмысқа қатысы бар екені және қашу кезінде суық суда ұзақ уақыт болғаны анықталды. Дәрігерлер биологиялық өлім белгілерін тіркеген.
Тергеу деректеріне сәйкес, екі жас жігіт «Солнечный-2» коттедж қалашығындағы комплектілі трансформаторлық қосалқы станциялардан микропроцессорлық қорғаныс және автоматика құрылғыларын ұрлаған. Әр жиынтықтың құны 326 мың теңгені құрап, мемлекетке келтірілген жалпы залал 5,2 млн теңгеден асты.
1 сәуір күні олар тағы екі қосалқы станцияны бұзып, ұрланған заттарды кешке алып кетпек болған. Алайда сол сәтте полиция қызметкерлері ұйымдастырған тосқауылға тап болып, күдіктілер қашуға әрекеттенген.
Қашып кеткен екінші күдіктінің денесі кейін трасса бойындағы ойықтан табылды. Полиция қызметкерлері жедел көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қаза болуына байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Сот алдында 22 жастағы Олег Олифиренко жауап берді. Сот оның пробациялық бақылау кезінде қасақана қылмыс жасағанын анықтап, амнистия қолданудан бас тартты.
Нәтижесінде сот Олифиренконы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіпте қайта қаралуда.









