Астана және Алматы қалаларында адам ұрлау мен бопсалау деректері бойынша күдікке ілінген тұлғалар ұсталды. Арнайы операцияны полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізді, деп хабарлайды Sona.kz Poilisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою баптары бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық істер бірнеше эпизодты қамтиды.
Алматы қаласында тіркелген деректердің бірінде қылмыскерлер жергілікті тұрғынды ұрлап, оған күш қолданып, 12 млн теңге талап еткен.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары кәсіпкерлерге қысым көрсету фактілерін анықтаған. Кейбір жағдайларда күдіктілер қорқыту мақсатында бизнес өкілдерінің автокөліктерін өртеген.
Тергеу аясында 20-дан астам тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ақша қаражаттары, қару-жарақ және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған тұлғаларға қатысты процессуалдық шешімдер қабылданып жатыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-тергеу шаралары жалғасуда, қылмыстық топтың басқа да әре









