Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Тоғжан Төлеген
11 марта, 2025
Билік
A A
Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
WhatsappTelegram

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.

Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.

Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда

Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБерік УәлиҚасым-Жомарт Тоқаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Екі елдің басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Екі елдің басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Тоғжан Төлеген
21 апреля, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоғжан Төлеген
18 апреля, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей...

Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Тоғжан Төлеген
16 апреля, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы...

Шымкентте 5G технологиясы бар бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр

Шымкентте 5G технологиясы бар бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр

Тоғжан Төлеген
11 апреля, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент...

Қатысты жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

2 мая, 2025
Руслан Берденовке оқ атқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Руслан Берденовке жасалған шабуыл: Шымкент әкімдігі пікір білдірді

2 мая, 2025
Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

2 мая, 2025
Бір топ баланы ұрған жасөспірімнің ісін министр жеке бақылауына алды

Бір топ баланы ұрған жасөспірімнің ісін министр жеке бақылауына алды

2 мая, 2025
Оралда ток соққан бала көз жұмды

Оралда ток соққан бала көз жұмды

2 мая, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz