Ол: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», – деді әлеуметтік желідегі жазбасында.
Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығымен танысты
Президент Жапонияға жасаған сапары аясында Токио қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық мегаполистегі...









