Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Жетісу облысына іссапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына келді.

Тоғжан Төлеген
13 декабря, 2024
Аймақ
A A
Президент Жетісу облысына іссапармен келді
WhatsappTelegram

Мемлекет басшысы Талдықорғандағы зауыт қызметі жайлы біліп қайтты. Сондай-ақ Ынтымақ ауылындағы №30 мектепке автобусты сыйға тартты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан «ASMA INDUSTRIAL» өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды. Құны 8,5 миллиард теңге болатын жоба былтыр қолға алынып, алдымен ғимараты жаңартылған. Бюджет қаражатына электр жабдықтары орнатылып, кәріз және газдандыру желілері тартылған. Аумағы 14,3 гектар болатын зауыт биылғы 6 желтоқсан күні іске қосылды.

Президентке өндіріс орнын таныстырған «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС құрылтайшысы әрі зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, мұнда мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, теміржол саласында, сондай-ақ «жасыл» энергетикада үздіксіз энергия көзі ретінде қолданылатын өндірістік аккумулятор батареялары шығарылады.

Зауыт толық қуатына шыққанда 180 жұмыс орны құрылып, жылына 210 мың аккумулятор өндіреді. Дайындалған өнімнің 60 пайызын ТМД және Балтық елдеріне экспорттап, қалған 40 пайызын отандық нарықта сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ іске қосылған алғашқы жылы бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық төлейді.

Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады. Атап айтқанда, «Қазмырыш» ЖШС-тен қорғасын, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-дан күкірт қышқылын алса, сепаратор мен полипропиленді Қытайдан импорттайды.

«Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз», – деді Президент.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы І жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнім 6,2 пайыз өсіммен 781 миллиард теңгені құраған. Ал жыл аяғында 7,1 пайыз өсімге қол жеткізілмек. Он айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 112,8 пайызды көрсеткен.

Aуыл шаруашылығының дамуында оң динамика бар. Сондай-ақ өндіріс көлемі, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары ілгерілей түскен. Биыл өңірде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,1 пайызға артық.

Жыл басынан бері 1,3 есе өсіммен 327,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. Осы ретте жеке инвестициялар саны 1,6 есе өскен. Бейбіт Исабаев 2024-2030 жылдарға арналған құны 3,5 триллион теңге болатын инвестициялық портфель қалыптастырылғанын жеткізді. Оның аясында 190 жоба қолға алынып, 11,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Биыл 54,9 миллиард теңгені құрайтын 48 жоба іске асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, өңірдегі өнеркәсіп саласы туралы айтылды. Жетісу облысында 549 кәсіпорын тіркеліп, 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биылғы он айда өнеркәсіп өндірісі 3,9 пайызға өскен.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.

1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған. Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар. Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.

Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБейбіт ИсабаевҚасым-Жомарт Тоқаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

Тоғжан Төлеген
2 мая, 2025

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 15 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсады. Марқұмның денесін туыстары ауладан тапты. Ақтөбе...

Оралда ток соққан бала көз жұмды

Оралда ток соққан бала көз жұмды

Тоғжан Төлеген
2 мая, 2025

Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды.  БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім...

Талдықорғанда өнеркәсіп аймағында ірі өрт шықты

Талдықорғанда өнеркәсіп аймағында ірі өрт шықты

Дана Альсеитова
30 апреля, 2025

Талдықорғанда Шығыс өнеркәсіп аймағында, ТОО «ПРОМОТХОД Development» аумағында өрт шықты. Жалын отындық, ауа сүзгілері, май сүзгілері, картон,...

Атырауда қарақұрт қаптап кетті

Атырауда қарақұрт қаптап кетті

Тоғжан Төлеген
29 апреля, 2025

Атырау облысының Индер ауданында тағы да қарақұрт қаптады. Тұрғындар жыл сайын шығатын улы жәндіктің кесірі төрт-түлікке тиеді...

Қатысты жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

2 мая, 2025
Руслан Берденовке оқ атқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Руслан Берденовке жасалған шабуыл: Шымкент әкімдігі пікір білдірді

2 мая, 2025
Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

2 мая, 2025
Бір топ баланы ұрған жасөспірімнің ісін министр жеке бақылауына алды

Бір топ баланы ұрған жасөспірімнің ісін министр жеке бақылауына алды

2 мая, 2025
Оралда ток соққан бала көз жұмды

Оралда ток соққан бала көз жұмды

2 мая, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz