Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Айбек Смадияров бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.
Президент Әкімшілігіндегі кадрлық өзгерістер туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.









