Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан екінші жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға бойынша тұрғын үй кешенінің салынып жатқан объектілерінің бірінде «абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.