Қазақстанның Қылмыстық кодексіне медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау мен қорқытуға қатысты жаңа — 158-1-бап енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
⠀
Министрдің айтуынша, бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген және Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің алдын ала мақұлдауынан өткен. Жобада мынадай жаза түрлері қарастырылған:
– қорқыту әрекеті үшін — 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу,
– зорлық-зомбылық қолданса — 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру,
– төтенше жағдай кезінде жасалса — 10 жылға дейін,
– бірнеше адам топ болып бірнеше медицина қызметкеріне шабуылдаса — 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
⠀
Министр бұл шаралар медицина қызметкерлерінің өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажет екенін айтты. Заң жобасы қыркүйек айында Парламентке енгізіледі.
⠀
Сотта Айзат Жуманованың жарақат алған сәті бейнеленген видео көрсетілді
32 жастағы Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта оның ауыр халіндегі бейнесі көрсетілген видео қаралды, деп хабарлайды Sona.kz...









