«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды ортақ табиғи құбылыстар белең алады деп күтіледі.
«Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі», делінген болжамда.
Сондай-ақ, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер 8 наурызда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қар жауатынын ескерткен еді.