Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда.

Тоғжан Төлеген
21 Қазан, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты
WhatsappTelegram

Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды. Соның бірі – Айгерім Сәрсенбаева. Ол баласының бойына қазірден тазалық мәдениетін сіңіруге тырысып жатқанын айтты.

«Балалар да мұндай шарадан тыс қалмауы тиіс. Сонда ғана олар көше сыпырушы мамандардың еңбегін бағалайды, табиғатты аялап ұстауға тырысады, қоқысты кез келген орынға лақтырмайды. Менің ұлымның жасы небәрі 6-да. Десе де, күнделікті қоқысты шашпай, айналаға жанашырлық таныту керек екенін айтып отырамын. Бүгін күрек ұстап, жанымда көмектесіп жүрді», – деді Айгерім.

Бұл күні 3-шағынауданда орналасқан әлеуметтік нысандардың, бизнес орындарының, тұрғын үйлердің төңірегі түгел тазаланды. Шараға 200-ден астам адам қатысып, олар 7 тоннадан астам қоқыс шығарды.

Сонымен қатар профилактика үшін абаттандыру ережесін бұзған заңды және жеке тұлғаларға айыппұл салынып жатқанын айта кетейік. Тұрғындарға ірі көлемдегі қоқысты (үй жиһазы, құрылыс материалдары, күл-қоқыс) полигонға өздері жеткізу туралы түсіндіріліп жатыр. Олай болмаған жағдайда полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК шеңберінде шара қолданады.

Тегтер: Басты жаңалықтарЖаппай сенбілікҚонаев қаласыСенбілік
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В Казахстане протестируют беспилотные такси

Қазақстанда пилотсыз таксилер тестіленеді

Шұғыла Берік
16 Ақпан, 2026

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (жасанды интеллект бағыты) мәліметінше, «Алматы және Астана қалаларында,...

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Шұғыла Берік
16 Ақпан, 2026

Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы болып Нұрақын Дияс Ермекұлы...

Көктемде «Астана – Талдықорған» пойыз бағыты іске қосылады

Көктемде «Астана – Талдықорған» пойыз бағыты іске қосылады

Дана Альсеитова
9 Ақпан, 2026

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Астана мен Талдықорған қалалары арасында жаңа теміржол қатынасы іске қосылатынын хабарлады, деп хабарлайды...

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігіне өтті

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігіне өтті

Дана Альсеитова
9 Ақпан, 2026

Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме...

Қатысты жаңалықтар

В Казахстане протестируют беспилотные такси

Қазақстанда пилотсыз таксилер тестіленеді

16 Ақпан, 2026
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

16 Ақпан, 2026
Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

13 Ақпан, 2026
Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

11 Ақпан, 2026
Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

11 Ақпан, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz