Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 30 жыл асфальт көрмеген жолдар бар

Биыл Қонаев қаласына қарасты ауылдардың 30 жыл асфальт көрмеген жолдарына ағымдағы жөндеу жасалуда, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі.

Шұғыла Берік
23 мая, 2025
Аймақ
A A
Қонаевта 30 жыл асфальт көрмеген жолдар бар
WhatsappTelegram

Қонаев қаласының Кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ, Ақөзек және Қосқұдық ауылдарында жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев хабарлады.

Мекеме басшысының айтуынша, Қосқұдық ауылында ұзындығы 8,5 шақырым болатын 8 көше, Сарыбұлақта 14 көшенің 7,7 шақырымы, ал Ақөзекте 6 көшенің 3,9 шақырым жолы орташа жөндеуден өтуде. Барлық учаскелерде жолдың ені 6 метр болып, бір қабат асфальт төселеді. Қазіргі таңда қиыршық тас төсеу, тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Жол құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар биыл Кербұлақ ауылындағы жолдар да орташа жөндеуден өтеді», – деді Бағдат Алиев.

Оның айтуынша, Кешенді даму жоспары аясында жалпы 19 жоба қарастырылған. Қазіргі уақытта бірқатар жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.

Сондай-ақ қаланың өзінде жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ағымдағы жөндеу, шұңқырларды жамау, жол белгілерін және жасанды жол дөңестерін орнату, жолақтар сызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Тегтер: жолжөндеуҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В Жетісу зафиксирован рост числа укусов каракуртов

Жетісуда қарақұрттың шағуы жиілеп кетті

Дана Альсеитова
14 июля, 2025

Жетісу облысында улы өрмекші — қарақұр шағу деректері көбейіп отыр. Биылғы маусым басталғалы бері 21 жағдай тіркелген....

Атбасарда сібір жарасы: 19 адам бақылауда, екі ауыл карантинге жабылды

Атбасарда сібір жарасы: 19 адам бақылауда, екі ауыл карантинге жабылды

Дана Альсеитова
8 июля, 2025

Ақмола облысы Атбасар ауданында сібір жарасы жұқтырғандар саны артты. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, індет жеті...

Қазығұртта жанармай бекетінде жарылыс болды

Қазығұртта жанармай бекетінде жарылыс болды

Дана Альсеитова
8 июля, 2025

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Турбат ауылында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, өрт шығып кетті. Оқиға кезінде...

Жетісу облысында ер адам әйелін өлімші етіп сабағаны туралы ақпарат тарады

Жетісу облысында ер адам әйелін өлімші етіп сабағаны туралы ақпарат тарады

Дана Альсеитова
3 июля, 2025

Жетісу облысында ер адамның өз әйелін қатыгездікпен соққыға жыққаны туралы ақпарат қоғамда резонанс тудырды. Оқиға туралы әлеуметтік...

Қатысты жаңалықтар

С 2026 года пенсионные выплаты освободят от подоходного налога

Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдері салықтан босатылады

1 августа, 2025
Носок Майкла Джексона продали за $8 822

Майкл Джексонның бір ғана шұлығы $8 000-нан асты

1 августа, 2025
Қонаевқа екі айда 1,5 миллион турист келген

Қонаевқа екі айда 1,5 миллион турист келген

1 августа, 2025
Сыр с наркотиками: в Алматы вынесли приговор по делу о контрабанде

Алматылық ер адам “чеддер” ірімшігі үшін 16 жылға сотталды

31 июля, 2025
Сауд Арабиясында аттракцион екіге бөлініп кетті — 23 адам жарақат алды

Сауд Арабиясында аттракцион екіге бөлініп кетті — 23 адам жарақат алды

31 июля, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz