Қонаев қаласында бірнеше жыл бойы Абай көшесін бойлай орналасқан заңсыз сауда орындарының орнына қоғамдық демалыс аймағы салынып жатыр.
Тұрғындар ұзақ уақыт бойы антисанитария, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі және саудагерлер тарапынан заңбұзушылықтар жайында шағымданып келген. Полиция айыппұлдар салғанымен, мәселе шешілмеген.
Қала әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, инвестордың қаражатына сквердің құрылысы басталған. Онда спорт және балалар алаңдары, шағын сәулеттік нысандар орнатылады. Сонымен қатар, инвестор Комсомольская көшесі мен теміржол вокзалы маңында да сквер салуы мүмкін.
Кездесуде тұрғындар көше жарығы, кәріз жүйесі және балалар алаңдарының сапасына қатысты да сұрақтар көтерді. Әкім бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты
.









