Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

«Құрылыста ең бастысы – сапа»: Қанат Ақылбеков өз тәжірибесімен бөлісті

Құрылыс саласы – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Бұл салада жас маман Қанат Ақылбеков еңбек етіп келеді.

Дана Альсеитова
25 Маусым, 2025
Жаңалықтар
A A
«Құрылыста ең бастысы – сапа»: Қанат Ақылбеков өз тәжірибесімен бөлісті
WhatsappTelegram

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келген Қанат бүгінде Қонаев қаласындағы тұрғын үй нысандарында құрылыс учаскесінің басшысы қызметін атқарады. Ол бұл мамандықты жай жұмыс емес, өмірлік жол деп санайды.

Қанаттың айтуынша, құрылысқа деген қызығушылығы 2018–2019 жылдары Алматыда ағаларына үй салуға көмектесіп жүрген кезде оянған. Ал әкесі де құрылыс саласының маманы болған.

«Бала күнімнен әкемнің еңбегін көріп өстім. Бұл мамандықтың жауапкершілігін сол кезде-ақ сезіндім. Кейін университетті аяқтап, еліміздегі ірі құрылыс компанияларының бірінде жұмысымды бастадым», – дейді Қанат.

Бүгінде ол құрылыс жұмыстарының әр кезеңін өзі қадағалап, сапа мен қауіпсіздікке ерекше мән береді.

«Материал қабылдау, іргетас құю, қабырға көтеру – бәрі менің бақылауымда. Себебі бұл үйлерде ертең адамдар тұрады. Әр кірпіш – біреудің өмірінің бөлшегі», – дейді ол.

Қанаттың пікірінше, құрылыс саласында кәсіби деңгейге жету үшін кемі 6–7 жыл үздіксіз еңбек ету қажет. Ол жастарға мамандықты жүрекпен таңдап, шыдамдылық танытуға кеңес береді.

«Көпшілік бірден табысқа жетуді қалайды. Бірақ бұл салада тәжірибе мен табандылық басты рөл ойнайды. Еңбектенуден қорықпау керек», – дейді ол.

Қанаттың келесі мақсаты – өз жобалау компаниясын ашу. «Жинаған білім мен тәжірибемді енді жеке кәсіп бастауға бағыттағым келеді. Бұл – тек бастамасы», – дейді ол сеніммен.

Әрбір сапалы салынған үй – құрылысшының қолтаңбасы. Ол – тек құрылыс нысаны емес, қауіпсіздік пен жайлылықтың символы. Қанат сынды мамандардың еңбегі – нағыз құрметке лайық.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларқұрылыссапа
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

Дана Альсеитова
6 Наурыз, 2026

Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде кезекті заңсыз іздеушінің қаза тапқаны белгілі болды. Ер адам шахта ішінде өміріне...

Серийный карманник задержан в Атырау: подозреваемый обворовывал пассажиров автобусов

Қоғамдық көліктегі ұрлық: Атырау полицейлері 39 жастағы күдіктіні ұстады

Дана Альсеитова
6 Наурыз, 2026

Атырау қалалық Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық шарасы аясында 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол...

Күдіктілерді экстрадициялау: Индонезияда ұсталған азаматтар елге қайтарылмақ

Күдіктілерді экстрадициялау: Индонезияда ұсталған азаматтар елге қайтарылмақ

Дана Альсеитова
6 Наурыз, 2026

Индонезия аумағында ұсталған Қазақстан азаматтары Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева осы жылдың наурыз айында елге жеткізіледі. Бұл...

Мораторий аяқталды: Сәуір айында коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайды?

Мораторий аяқталды: Сәуір айында коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайды?

Дана Альсеитова
6 Наурыз, 2026

2026 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтерді көтеруге жарияланған мораторий өз күшін жояды. Тарифтердің «қатырылу» мерзімі...

Қатысты жаңалықтар

Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

Шахтадағы кезекті өлім: Ақмола облысында заңсыз алтын қазушының денесі табылды

6 Наурыз, 2026
Серийный карманник задержан в Атырау: подозреваемый обворовывал пассажиров автобусов

Қоғамдық көліктегі ұрлық: Атырау полицейлері 39 жастағы күдіктіні ұстады

6 Наурыз, 2026
Күдіктілерді экстрадициялау: Индонезияда ұсталған азаматтар елге қайтарылмақ

Күдіктілерді экстрадициялау: Индонезияда ұсталған азаматтар елге қайтарылмақ

6 Наурыз, 2026
Мораторий аяқталды: Сәуір айында коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайды?

Мораторий аяқталды: Сәуір айында коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайды?

6 Наурыз, 2026
Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды

Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды

6 Наурыз, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz